Андреас Кригер, ядро итеру тәртібінің бұрынғы неміс жеңіл атлеті

Андреас Кригер де Хайди Кригер сияқты 1965 жылы туылған. 14 жасында Хайди өзінің кәсіпқой спорттық мансабын бастайды. Екі жылдан аз уақытта Хайди дәрумендермен қатар өзінің бапкерінің нұсқауымен «демеуші дәрі-дәрмектерді» қолдана бастайды. Хайди өзінің бапкеріне сеніп, оны тыңдап жүреді.
Хайдидың бұлшық ет салмағы өсіп, спорттық нәтежелері де жақсара бастайды. 1986 жылы Хайди Европаның Штутгарт қаласында өткен

чемпионатында ядроны 21,10 метрге лақтырып, әйелдер арасында жеңіл атлетикада ядро лақтырудан алтын медальды жеңіп алады. 26 жасында Хайди өзінің спорттық мансабын аяқтайды: оның денсаулығы допингтік дәрілерді қабылдаумен бірге жүретін жаттығулардан нашарлап кетеді.
1997 жылы Хайди Кригердің орнына Андреас Кригер өмірге келді. Өмірін ер адам ретінде жалғастыру шешімі Хайдидың өмірін сақтап қалады.



Дагмар Керстен, бұрынғы гимнаст

Дагмар Керстен 1970 жылы туылған. Тоғыз жасынан бастап кішкентай қыз көркем гимнастикада үздік өнер көрсете бастап, Берлиндегі балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт интернатына жіберіледі. Дагмар он бес жасынан бастап спорттық табыстарға жетіп, Европа мен Дүниежүзілік чемпионаттарға қатыса бастайды. Европа чемпионатында қола медаль иеленіп, ал Дүниежүзілік чемпионатта 3 қола және 1 күміс жүлдені жеңіп алды.
Көркем гимнастика жаттығулары кезіндегі «демеуші дәрі-дәрмектермен» астасқан барынша түскен күштің әсерінен гимнаст қыздың омыртқасына ауыр зақым келеді. Көлденең сал ауруына шалдығып қалу қауіп-қатері болғандықтан, Дагмар спорттық жаттығулардан бір жылдық үзіліс алды.

Дагмар «Динамо Берлин» клубының спорт дәрігерлері жіберген Крайша қаласындағы сауықтыру орталығында және допингтік препараттарды бақылау зертханасында емдік шаралардан жүйелі түрде өтіп тұрды. Спорттық аренаға оралуға дайындық кезінде ол тағы да ауыр жарақат алып, 1987 жылы өткен әлем чемпионатына қатыса алмады.

Дагмардың 1988 жылғы Олимпиада ойындарына қатысуы үшін жаттықтырушылар мен дәрігерлер оған күшті әсерлі дәрі егу курсын қабылдатты.

1988 жылы өткен жазғы Олимпиядалық ойындарда Дагмар түрлі биіктікті қоссырықтарда жасаған гимнастикалық бағдарламасы үшін күміс, ал топтық жарыстарда қола медаль иеленгеннен кейін, бапкерлері мен спорттық шенеуніктермен келіспеушіліктер болып,

ол спорттық мансабын аяқтайды. Көп ұзамай елден кету жөнінде өтініш береді. Гимнаст қызды шет елге масқаралап жібереді. Тек ГДР-дағы допинг қолданған жүзушілерге қарсы сот процестері кезінде және допингтік дәрі-дәрмектерді шектен тыс пайдалану жөнінде түсініктеме берген полициямен болған сұхбаттан кейін, сонымен қатар өз бетінше жасаған көптеген ізденістерінен кейін ғана Дагмар өзінің спорттық мансабында ауқымды допинг алғанын түсінеді.

Қазіргі кезде Дагмар жекпе-жек өнері, би мен пантомима мектебін басқарады, балалармен жұмыс жасайды, сонымен қатар допинг пен күш қолданудың алдын алу жөніндегі бағдарламаларға қатысады.

Хайке Кнехтель, орташа қашықтықтағы бұрынғы жүгіруші

1963 жылы туылған Хайке Кнехтель 13 жасында Лейпциг қаласындағы Дене шынықтыру және спорт институты (DHfK) жанындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебіне (KJS) қабылданды. Ол жеңіл атлетикамен, бірінші кезекте орташа қашықтықта жүгірумен де айналысатын. Алайда екі жыл өткеннен кейін Кнехтельді кәсіпқой спорттан шығарып жіберді.

Бастапқыда Кнехтель өзін допингтік дәрі-дәрмекті асыра пайдалануға қатысым жоқ деп ойлайды.

Хайке Кнехтель педагогика мен әлеуметтік мінез-құлық ғылымдары саласы бойынша магистрлік диссертациясын қорғап шығады. Бірақ оның өмірлік жолы қиындыққа толы болды. Оған бірнеше ота жасауға тура келді. 2003 жылы оған омырау обыры диагнозы қойылды.

Тек 2014 жылдың тамыз айында оның «еңбекке айтарлықтай жарамсыздық» салдарынан оның әлеуметтік кеңес беру орталығының жетекшісі ретіндегі мансабы тұралап қалды. Хайке өзінің ГДР спорт жүйесі аясындағы допинг қабылдаудан жапа шеккенін түсінеді.

Кнехтел 13-15 жасында өзінің бапкері анаболикті стероидты дәрі-дәрмек бергенін есіне түсірді. Таблетка түріндегі «дәруменді» арнайы кестені толтыра отырып, қабылдау керек болатын. Хайкенің ауруының деңгейін дәрігерлер растады: ол –ресми түрде допингтен жапа шегуші. Бүгінгі күні Хайке Кнехтель – Допингтен жапа шеккендерге көмек көрсету ассоциациясының (DOH eV) өкілетті өкілі және белсенді қатысушысы.



Уте Кригер-Краузе, бұрынғы кәсіпқой жүзгіш

Уте Винтер Берлин қабырғалары тұрғызылғаннан кейін бір жыл өте туылған. Бес жасынан бастап жүзуді үйренген Винтер 1973 жылы Магдебургтегі балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебіне түсіп, арманына жетеді. Уте таңғы жетіден бастап бассейн жолдарын есепсіз жүзіп өтеді. Кейінірек, Уте он бір жасқа толғаннан кейін, бапкерлер бассейн жағалауына «дәрумендер» бар кішкентай стақандарды қоя бастады: «Мен оларды жұтып жатқанда, бапкерлердің мені бақылап тұрғанын байқап қалатынмын.»

Спортшыларды әрдайым қамшылайтын, Утенің көрсеткіштері жақсарып, жетістіктері жиілей бастады. Уте 14 жасында 4 қыз ғана жаттығатын ГДР-дың (Kaderkreis II) резервтік құрамасына қабылданды. 1977 жылы Утені олимпияда құрамасына қосты. Енді әдеттегі ішіп жүрген «дәрумендерімен» қоса көк дәріні де қабылдай бастады: Олимпиядаға дайындық аноболиктерді қабылдаумен бірге жүрді.

Оның бұлшық ет салмағы тез өсе бастады, иығы, қолы және мойнының көлемі де ұлғайды. Уте өзінің денесін танымай қалды.

Ол ашыға бастады, бірақ арықтаудың орнына салмақ қосуы жалғаса берді.
Уте қатаң кестемен жасалатын бітпейтін жаттығуларға төзе алмай кетті. 16 жасында өзінің спорт мансабымен біржолата қоштасты. Оны тіпті Олимпиядалық ойындар да қызықтырмады: «Менде бәрі үнсіз қалды». Уте қара құрдымға кеткендей сезінді, жаттығулардың орнын депрессиямен бірге келетін булимия басты. Уте психиатрдың көмегіне жүгінді. Өзінің ауруын тауып, онымен бірге өмір сүруі үшін оған 20 жыл уақыт қажет болды.

Ол Андрес Кригерге тұрмысқа шықты.

Томас Гетце, спорттың балға лақтыру мен ядро лақтыру түрі бойынша бұрынғы атлет

Жас кезінен бастап Томас Гетце жүзуге, футболға және шахматқа қызығушылық таныта бастаған. Алайда ол өзінің тағдырын ГДР-дың спорттық жүйесі аясындағы жеңіл атлетикамен байланыстырады. 1976 -78 жылдары Гетце Дрездендегі балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінде спорттың әр түрлі лақтыру түрлері бойынша жаттықтырылды және үлкен үміт күтерлік юниор болып саналды.

Дәл сол жерде ол өзінің бапкері дәрумен ретінде берген «демеуші дәрі-дәрмектерді» қабылдай бастады. Томас өте жақсы спорттық көрсеткіштерге жете бастайды: мысалы, балға лақтырудан оның көрсеткіштері жыл сайын 15 м-ге дейін жақсарып отырған.

Үлкен үміт күттіретін бастама- иығының ұзаққа созылатын зақым алуына дейін.

Томастың жарақат алғаннан кейін оны спорт жүйесінен салқын қандылықпен шығарып тастады. Томас Гётце допингтік препараттарды мемлекеттік ауқымда пайдаланудың ГДР шенеуніктері әзірлеген қылмыстық стратегиясы аясында денсаулығына зиян тигізгендіктен зарбадын әлі күнге дейін шегіп жүр. Ол Андреас Кригер және басқа да бұрынғы кәсіпқой спортшылармен бірге допингтің алдын алу жұмыстарына белсенді қатысуда.



Альвин Й. Вагнер, жеңіл атлет, диск лақтырудан бірнеше дүркін чемпион

26 жасында ол допингтік дәрі-дермектерді әлі қабылдамаған болатын. Альвин Вагнер диск лақтырудан үлкен үміт күттіретініне және әлемдік жарыстарға қатысу үшін керекті нормаларды оңай орындағанына қарамастан Неміс жеңіл атлетика федерациясы ГРФ(DLV) оны ешқайқайда қатыстырмайды.
Спорттық шенеуніктердің сөздері бойынша Альвиннің финалда жеңіске жетуі екі талай еді.
Федерация Альвинның ешқандай көзге түсер спорттық жеңісі болмағандықтан, оның диск лақтыру бойынша бапкерімен келісім-шартты созудан бас тартады.
Оның орнын Альвиннен анаболиктертерді қабылдауын өтінген бұрынғы спортшы басады. Жаңа бапкер Альвинге спорттық көрсеткіштердің 10% – ға жақсаруы мен баспасөздің оған назар аударатынына уәде етеді. Альвин өзіне берілген қаптамасы мен нұсқаулығы жоқ дәрілерді қабылдай бастайды, ал көрсеткіштер болса көп күткізбейді. Жарыстардағы жеңісі мен спортшы ретіндегі жанама табыстарының арқасында Вагнер полиция комиссарының қызметіне қарағанда 5 есе көп ақша таба бастайды. Дәрі-дәрмектердің тигізер қатері мен жанама әсері туралы еш нәрсе айтылмады.
Әлемнің таңдаулы диск лақтырушы спортшыларынан артта қалмау үшін Альвин дәрі-дәрмектерді қабылдауын жалғастырып, тіпті өзіне не егіліп жатқанын білмесе де ине салдырудан бас тартпайды. Бірнеше жылдар өткен соң Вагнер DLV тәсілін әшкерелеуге тырысып көрді, алайда федерация тарапынан ешқандай жауап болмады.
1981 жылы Альвин Вагнер бірінші рет диск лақтырудан Германия чемпионы атанып, баспасөздің назарын өзіне аударады. Алайда саясаткерлер де, қоғам да оның мәлімдемелеріне құлақ аспайды.

Жапа шеккендердің әңгімесі: тікелей диалог