МЕН ОЛ КЕЗДЕ ГДР-ДАҒЫ 23 МЕТРЛІК МЕЖЕНІ БАҒЫНДЫРАТЫН ЕҢ АЛҒАШҚЫ
СПОРТШЫ БОЛҒЫМ КЕЛДІ. МЕН ОДАН ДА БИІККЕ ЖЕТКІМ КЕЛДІ…«
14 жасында Хайди балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне (KJS) жіберілді. Мұнда оның ГДР кәсіби спортындағы мансабы басталады. Ол қажетті нәтижелерді көрсеткеннен кейін Берлин стадиондарының бірінде қатаң қадағалауға алынып, болашақ жүлде иесі ретінде «Динамо Берлин» спорт клубында жаттықтырылады.
Жаттықтырушысы оған оның бұрын да қабылдаған дәрумендерінен басқа алғашқы допингтік препараттарды- «көк дәрілерді» береді. Хайди олардың атын білмейді, себебі олардың бастапқы қаптамасы жоқ еді. Хайдидің жаттықтырушысы оларды «демеуші құрал» ретінде береді.
Хайди Кригер Штутгартта жеңіл атлетикадан әйелдер арасындағы Еуропа чемпионатында ядро лақтырудан алтын медальды жеңіп алды. Хайди лақтырған ядро 21,10 м қашықтыққа ұшты.
Берлин қабырғасы құлады, «қырғиқабақ соғыс» аяқталды, Хайди өзінің спорттық мансабын жалғастыруға тырысады. Алайда, екі жылдан кейін, 26 жасында бойжеткен үлкен спорттан кетеді: допинг қолданған жаттығулардан денсаулығы сыр берді.
Хайдидің өміріне өзгеріс енеді: оның досы және әріптесі оған не болып жатқаныны түсіндіреді. Ол Хайди ұзақ уақыт түсіне алмаған құбылыстың атын атайды: Транссексуализм.
Үш жылдан соң Хайди Кригер түпкілікті Андреас Кригерге айналды. Өмірін еркек ретінде жалғастыру туралы шешімі Хайдидің өмірін құтқарады.
Тек 2000 жылы ГДР-дағы допинг бойынша жауапкершілікке тартылғандарға қарсы допингке қарсы сот процесі барысында Андреас өзінің жылдар бойы білместен допинг алып келгенін жаны ауыра түйсінеді.
Андреас осыдан екі жыл бұрын допингке қарсы процестер кезінде өзі танысқан әйелге үйленеді: «Менің әйелім – менің басты жеңісті билетім. Өмір маған зор байлық сыйлады».
ГДР-дағы тарихи және
саяси жағдай
ГДР-дағы
спорттың дамуы
Жаттықтырушының
рөлі
Өмірді айқындайтын
шешім
Андреас Кригер
Бүгінгі жағдай
СОЦИАЛИСТІК МЕМЛЕКЕТТЕ ҰЖЫМДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ ЖЕКЕ ТҰЛҒА ҚҰНДЫЛЫҒЫНАН ЖОҒАРЫ ТҰРДЫ.
Жеке тұлғаның өзін-өзі іске асыруынан гөрі партия
қойған мақсаттарға жету маңыздырақ болды.«
Менің бойым 1,85 және салмағым 69 келі еді. 2 жылдан
кейін салмағым 105 келі болды. Бұл- белсенді бұлшық ет массасы.
Жас кезінен бастап Томас Гетце жүзуге, футболға және шахматқа қызығушылық таныта бастаған. Алайда ол өзінің тағдырын ГДР-дың спорттық жүйесі аясындағы жеңіл атлетикамен байланыстырады. 1976 -78 жылдары Гетце Дрездендегі балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінде спорттың әр түрлі лақтыру түрлері бойынша жаттықтырылды және үлкен үміт күтерлік юниор болып саналды.
Дәл сол жерде ол өзінің бапкері дәрумен ретінде берген «демеуші дәрі-дәрмектерді» қабылдай бастады. Томас өте жақсы спорттық көрсеткіштерге жете бастайды: мысалы, балға лақтырудан оның көрсеткіштері жыл сайын 15 м-ге дейін жақсарып отырған.
Үлкен үміт күттіретін бастама- иығының ұзаққа созылатын зақым алуына дейін.
Томастың жарақат алғаннан кейін оны спорт жүйесінен салқын қандылықпен шығарып тастады. Томас Гётце допингтік препараттарды мемлекеттік ауқымда пайдаланудың ГДР шенеуніктері әзірлеген қылмыстық стратегиясы аясында денсаулығына зиян тигізгендіктен зарбадын әлі күнге дейін шегіп жүр. Ол Андреас Кригер және басқа да бұрынғы кәсіпқой спортшылармен бірге допингтің алдын алу жұмыстарына белсенді қатысуда.
Уте Винтер Берлин қабырғалары тұрғызылғаннан кейін бір жыл өте туылған. Бес жасынан бастап жүзуді үйренген Винтер 1973 жылы Магдебургтегі балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебіне түсіп, арманына жетеді. Уте таңғы жетіден бастап бассейн жолдарын есепсіз жүзіп өтеді. Кейінірек, Уте он бір жасқа толғаннан кейін, бапкерлер бассейн жағалауына «дәрумендер» бар кішкентай стақандарды қоя бастады: «Мен оларды жұтып жатқанда, бапкерлердің мені бақылап тұрғанын байқап қалатынмын.»
Спортшыларды әрдайым қамшылайтын, Утенің көрсеткіштері жақсарып, жетістіктері жиілей бастады. Уте 14 жасында 4 қыз ғана жаттығатын ГДР-дың (Kaderkreis II) резервтік құрамасына қабылданды. 1977 жылы Утені олимпияда құрамасына қосты. Енді әдеттегі ішіп жүрген «дәрумендерімен» қоса көк дәріні де қабылдай бастады: Олимпиядаға дайындық аноболиктерді қабылдаумен бірге жүрді.
Оның бұлшық ет салмағы тез өсе бастады, иығы, қолы және мойнының көлемі де ұлғайды. Уте өзінің денесін танымай қалды.
Ол ашыға бастады, бірақ арықтаудың орнына салмақ қосуы жалғаса берді.
Уте қатаң кестемен жасалатын бітпейтін жаттығуларға төзе алмай кетті. 16 жасында өзінің спорт мансабымен біржолата қоштасты. Оны тіпті Олимпиядалық ойындар да қызықтырмады: «Менде бәрі үнсіз қалды». Уте қара құрдымға кеткендей сезінді, жаттығулардың орнын депрессиямен бірге келетін булимия басты. Уте психиатрдың көмегіне жүгінді. Өзінің ауруын тауып, онымен бірге өмір сүруі үшін оған 20 жыл уақыт қажет болды.
Ол Андрес Кригерге тұрмысқа шықты.
Дагмар Керстен 1970 жылы туылған. Тоғыз жасынан бастап кішкентай қыз көркем гимнастикада үздік өнер көрсете бастап, Берлиндегі балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт интернатына жіберіледі. Дагмар он бес жасынан бастап спорттық табыстарға жетіп, Европа мен Дүниежүзілік чемпионаттарға қатыса бастайды. Европа чемпионатында қола медаль иеленіп, ал Дүниежүзілік чемпионатта 3 қола және 1 күміс жүлдені жеңіп алды.
Көркем гимнастика жаттығулары кезіндегі «демеуші дәрі-дәрмектермен» астасқан барынша түскен күштің әсерінен гимнаст қыздың омыртқасына ауыр зақым келеді. Көлденең сал ауруына шалдығып қалу қауіп-қатері болғандықтан, Дагмар спорттық жаттығулардан бір жылдық үзіліс алды.
Дагмар «Динамо Берлин» клубының спорт дәрігерлері жіберген Крайша қаласындағы сауықтыру орталығында және допингтік препараттарды бақылау зертханасында емдік шаралардан жүйелі түрде өтіп тұрды. Спорттық аренаға оралуға дайындық кезінде ол тағы да ауыр жарақат алып, 1987 жылы өткен әлем чемпионатына қатыса алмады.
Дагмардың 1988 жылғы Олимпиада ойындарына қатысуы үшін жаттықтырушылар мен дәрігерлер оған күшті әсерлі дәрі егу курсын қабылдатты.
1988 жылы өткен жазғы Олимпиядалық ойындарда Дагмар түрлі биіктікті қоссырықтарда жасаған гимнастикалық бағдарламасы үшін күміс, ал топтық жарыстарда қола медаль иеленгеннен кейін, бапкерлері мен спорттық шенеуніктермен келіспеушіліктер болып,
ол спорттық мансабын аяқтайды. Көп ұзамай елден кету жөнінде өтініш береді. Гимнаст қызды шет елге масқаралап жібереді. Тек ГДР-дағы допинг қолданған жүзушілерге қарсы сот процестері кезінде және допингтік дәрі-дәрмектерді шектен тыс пайдалану жөнінде түсініктеме берген полициямен болған сұхбаттан кейін, сонымен қатар өз бетінше жасаған көптеген ізденістерінен кейін ғана Дагмар өзінің спорттық мансабында ауқымды допинг алғанын түсінеді.
Қазіргі кезде Дагмар жекпе-жек өнері, би мен пантомима мектебін басқарады, балалармен жұмыс жасайды, сонымен қатар допинг пен күш қолданудың алдын алу жөніндегі бағдарламаларға қатысады.
1963 жылы туылған Хайке Кнехтель 13 жасында Лейпциг қаласындағы Дене шынықтыру және спорт институты (DHfK) жанындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебіне (KJS) қабылданды. Ол жеңіл атлетикамен, бірінші кезекте орташа қашықтықта жүгірумен де айналысатын. Алайда екі жыл өткеннен кейін Кнехтельді кәсіпқой спорттан шығарып жіберді.
Бастапқыда Кнехтель өзін допингтік дәрі-дәрмекті асыра пайдалануға қатысым жоқ деп ойлайды.
Хайке Кнехтель педагогика мен әлеуметтік мінез-құлық ғылымдары саласы бойынша магистрлік диссертациясын қорғап шығады. Бірақ оның өмірлік жолы қиындыққа толы болды. Оған бірнеше ота жасауға тура келді. 2003 жылы оған омырау обыры диагнозы қойылды.
Тек 2014 жылдың тамыз айында оның «еңбекке айтарлықтай жарамсыздық» салдарынан оның әлеуметтік кеңес беру орталығының жетекшісі ретіндегі мансабы тұралап қалды. Хайке өзінің ГДР спорт жүйесі аясындағы допинг қабылдаудан жапа шеккенін түсінеді.
Кнехтел 13-15 жасында өзінің бапкері анаболикті стероидты дәрі-дәрмек бергенін есіне түсірді. Таблетка түріндегі «дәруменді» арнайы кестені толтыра отырып, қабылдау керек болатын. Хайкенің ауруының деңгейін дәрігерлер растады: ол –ресми түрде допингтен жапа шегуші. Бүгінгі күні Хайке Кнехтель – Допингтен жапа шеккендерге көмек көрсету ассоциациясының (DOH eV) өкілетті өкілі және белсенді қатысушысы.
Андреас Кригер де Хайди Кригер сияқты 1965 жылы туылған. 14 жасында Хайди өзінің кәсіпқой спорттық мансабын бастайды. Екі жылдан аз уақытта Хайди дәрумендермен қатар өзінің бапкерінің нұсқауымен «демеуші дәрі-дәрмектерді» қолдана бастайды. Хайди өзінің бапкеріне сеніп, оны тыңдап жүреді.
Хайдидың бұлшық ет салмағы өсіп, спорттық нәтежелері де жақсара бастайды. 1986 жылы Хайди Европаның Штутгарт қаласында өткен
чемпионатында ядроны 21,10 метрге лақтырып, әйелдер арасында жеңіл атлетикада ядро лақтырудан алтын медальды жеңіп алады. 26 жасында Хайди өзінің спорттық мансабын аяқтайды: оның денсаулығы допингтік дәрілерді қабылдаумен бірге жүретін жаттығулардан нашарлап кетеді.
1997 жылы Хайди Кригердің орнына Андреас Кригер өмірге келді. Өмірін ер адам ретінде жалғастыру шешімі Хайдидың өмірін сақтап қалады.
Социализмнің капитализмнен
жалған артықшылығы
бәрінен бұрын спорттық
жетістіктерде көрініс алуы тиіс болды.
Based on the number of world records they break
257 Persons
Based on the number of personal records they break
446 Persons
Based on how fair they play
1562 Persons
Poor
(1 - 2)
395 Persons
Insufficient
(3 - 4)
398 Persons
Sufficient
(5 - 6)
292 Persons
Good
(7 - 8)
113 Persons
Excellent
(9 - 10)
54 Persons